{metadescription}
Қазақстандықтар Түркияда 90 күн визасыз жүре алады

Қазақстандықтар Түркияда 90 күн визасыз жүре алады

Қазақстан азаматтары үшін Түркия аумағында визасыз жүру мерзімі 30 күннен 90 күнге ұзартылды.

"Түркия басшысының 2018 жылғы 10 қарашадағы жарлығына сəйкес, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бұдан былай Түркия Республикасында визасыз 90 күн бола алады. Бұрынғы 30 күндік визасыз жүру күндері үш есе ұзартылды", - дейді Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі. 

Оған сәйкес, Түркияға саяхаттаушы Қазақстан азаматтарының Түрік жерінде визасыз  жүру мерзімі 90 күннен аспауы тиіс. Сондай-ақ бұл тізімге екі көршілес еліміз қосылды. Олар Өзбекстан мен Тәжікстан. Айта кеткен жөн, бұған дейін азаматтарымыз үшін Түрік елінде визасыз жүру мерзімі 30 күн еді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде