{metadescription}
Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне қатысты сот үкімі шықты

Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне қатысты сот үкімі шықты

Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменовтің көз жұмуына себепкер болған жол-көлік оқиғасына қатысты сот ісіне нүкте қойылды.

Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді.

«Сот Малика Мұхитованы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, қауіпсіздігі минималды түзету мекемесінде екі жылға бас бостандығынан айыру туралы, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарады», - деді іске қатысты үкім шығарған судья Қанат Тобағалиұлы. 

Малика Мұхитова сонымен бірге сот процесі кезінде кеткен 324 мың теңгелік процессуалдық шығынды өтейтін болды. Еске сала кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Ескендір тізгіндеген мотоцикл қиылысқа шыққан көлікке соғылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде