{metadescription}
Бойжеткен видеода сыбырлай сөйлеп 80 мыңға жуық доллар тапты

Бойжеткен видеода сыбырлай сөйлеп 80 мыңға жуық доллар тапты

Ұлыбританиядағы студент Софи Мишель ASMR  форматында видео түсіріп, бір жылдың ішінде £60 мың ($78 мың) тапқан.

Бойжеткеннің көрермендермен сыбырлап сөйлеген ролигі YouTube-қа жарияланып, қаралымы ондаған мыңнан асып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір 21 жастағы британдықтың каналына 250 мың адам жазылған. Бойжеткен өз видеосында түрлі тақырыпта сыбырлап сөйлейді. ASMR форматы релаксация үшін жақсы құрал, деп жазады The Mirror.

Софидің негізгі табыс көзі - видеоларында жасайтын жарнамадан түседі. ASMR ролигін түсіру туралы идея оған ағасына «бас сүйек миының ісігі» диагнозын қойғаннан кейін келген. Мишель күйзелістен құтылу үшін амалдар іздеп, осындай ерекше форматты қолай көрген. Мұндай әдістің пайдасы кейбір жандардың күйзелістен құтылып, уайым-қайғыны ұмытуына септігін тигізеді.

Видео авторы: SophieMichelle ASMR

 

Кеше

23 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде