{metadescription}
WBC Головкиннің Чарломен және Альвареспен айқастарына қатысты мәлімдеме жасады

WBC Головкиннің Чарломен және Альвареспен айқастарына қатысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) басшысы Маурисио Сулейман Геннадий Головкин мен Джермаллом Чарло арасындағы «санкцияланған» іріктеу жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Жеңімпаз боксшы Сауль Альвареспен айқасады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

«WBC уақытша чемпион болып табылатын Чарлоның Головкинмен жекпе-жегін санкциялады. Себебі GGG өз титулынан айтарлықтай дау тудырарлық айқаста айырылып қалды және ол ойында қалуға лайықты. Бірақ, Головкин Чарломен жұдырықтасудың орнына «Канеломен» тікелей реванш сұрады. «Канело» болса еркін жекпе-жек сұрап отыр. Барлығы сапырылысып кетті. Сондықтан Головкин-Чарло айқасын өткізуді міндеттедік. Оның іске асатынына үміттенеміз. Олардың қай жеңгені «Канело» үшін жақсы нұсқа болады. Барлығы солай болса қуанар едім. Көреміз», - деді Маурисио Сулейман.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде