{metadescription}
Адамның мерзімінен бұрын өлу қаупін анықтайтын әдіс табылды

Адамның мерзімінен бұрын өлу қаупін анықтайтын әдіс табылды

Адамның жүру жылдамдығы мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупін көрсетуі мүмкін, дейді Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары.

Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары адамның жүру жылдамдығына қарап оның ерте өлу қаупін анықтауға болатынын  анықтады. Зерттеушілер адамның жүру қарқыны неғұрлым тезірек болса, олардың денсаулығы қаншалықты жақсы екендігін айтады. Осы көрсеткіш бойынша жүрек-қан тамырлары ауруларының және орталық жүйке жүйесінің бұзылуын бағалауға болады екен. Өз кезегінде, кардиохирургтер жүру қарқынына  қарап, жүрегіне ота жасатқан науқастардың ауруының қандай деңгейде асқынғанын байқауға болады. .

Сарапшылардың айтуынша, жылдам жүру ажалға жеткізетін аурудың алдын алу болып табылмайды. Жылдам-жылдам жүрген ол тек адамның биологиялық жасын анықтауға мүмкіндік береді. Егер адам баяу жүре бастаса, денсаулығына байланысты ауыр проблемалар бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы XXI ғасырдағы өлімнің негізгі себептерін анықтады. ДДҰ деректері бойынша, жыл сайын жүрек-қан тамырлары ауруларынан 17,9 миллион адам көз жұмады. Өлімнің басты себебі – инфакт пен инсульттер.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.