{metadescription}
АИТВ жұқтырған оннан астам әйел өмірге дені сау сәби әкелді

АИТВ жұқтырған оннан астам әйел өмірге дені сау сәби әкелді

Астанада АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған оннан астам әйел өмірге дені сау сәби әкеліп, тұрақты диета мен режимнің арқасында қалыпты өмір сүріп жатыр.

Бұл туралы Астана қалалық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Сәбит Бекмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәбит Бекмағамбетовтың айтуына қарағанда, қазіргі таңда Астанада АИТВ жұқтырып, ЖИТС (СПИД) ауруына шалдыққандардың есебінде 989 пациент тұр. Оның ішінде 63 пайызы ЖИТС-дің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында тұрақты түрде антиреровирусты терапиядан өтіп тұрады.

«Қазіргі таңда елордада АИТВ жұқпасын жұқтырғанымен, сап-сау үш баладан тапқан онға тарта әйел бар. Мәселен, кеше ғана теледидардан көрсеткендей, АИТВ жұқпасын жұқтырғандардың есебінде тұрғанына 16 жыл болған әйел сап-сау екі бала тауып, қалыпты өмір сүріп жатыр. Бұл - ең алдымен әлгі әйелдің уақтылы ем алғанының арқасы екенін айта кету керек. Диета мен режимді қатаң сақтаған жағдайда тұрақты өмір сүруге болады. Міне, сондықтан өмірдің осындай сәттерін БАҚ арқылы халыққа жеткізудің маңызы зор», - деді Сәбит Бекмағамбетов.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде