{metadescription}
Сүйіктісімен әзілдеспек болған әйел пойыз астына түсті

Сүйіктісімен әзілдеспек болған әйел пойыз астына түсті

Қытайдағы Цзянсу провинциясы, Нанкин қаласында әйел өзінің сүйіктісін қорқыту үшін пойыз келе жатқанда теміржол платформасынан секіріп кетті.

Бақылау камерасына түсірілген видео Newsflare сайтында жарияланды, - деп жазады Sputnik Kazakhstan.

Оқиға жұп пойыздың станцияға келуін күтіп тұрған кезде болды. Сүйіктісімен сөз таластырған қытайлық әйел кенеттен рельске қарай секіріп кетеді. Ер адам әйелдің артынан секіреді, ал теміржол қызметкерлері өз кезектерінде пойызды жүргізіп келе жатқан машиниске қолмен белгі бермек болады.

Әйел құтқарылды, бірақ пойыз келесі сапарына кешігіп шықты.

"Мен бар болғаны әзілдегім келді. Секірген соң біреудің мені бірден шығарып алғаны есімде. Пойыздың аяғымның тура қасынан жүріп өткенін көрген кезде, қатты қорықтым", — деді ол.

Әйел 200 юань көлемінде айыппұл төледі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.