{metadescription}
Қатты дауылдан 33 адам мерт болды

Қатты дауылдан 33 адам мерт болды

Үндістанның оңтүстігінде болған алапат «Гая» дауылынан кемінде 33 адам көз жұмды.

82 мыңға жуық адам апат аумағынан эвакуацияланды. Мыңдаған адамдар арнайы лагерьлерге жеткізілді. Үндістанның әскери-теңіз флоты құтқару жұмыстарына екі корабль мен тікұшақ бөлді. Жергілікті билік зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді. Адамдарға ауыз су, азық-түлік жеткізілген.

Сұрапыл дауылдың жылдамдығы сағатына 90 шақырымға жеткен. Құтқарушылар жұмада - 13, ал сенбіде 20 адамның мәйітін тапты.  Өлімнің көп бөлігіне су тасқыны, үйлердің құлауы және электр тоғының соғуы себеп болды.

Циклон 30 мың электрлік тіректер мен 100 мыңнан астам ағаштарды қиратты. Бұдан бөлек су тасқыны кезінде көптеген ешкі, бұғы және жабайы жануарлар жойылып кеткен.

Кеше

15 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде