{metadescription}
Құрылысшы ескі шкафтан 40 миллиондай ақша тауып алды

Құрылысшы ескі шкафтан 40 миллиондай ақша тауып алды

Құрылысшы ұсталған шкаф сатып алып, оның ішінен бір бума ақша тауып алды.

Румынияның Бикиджи ауылында тұратын құрылысшы ескі шкафтан 95 мың еуро (шамамен 40 миллион теңге) тауып алды.  Самуэль Станичи (Samuel Stanici) интернет арқылы ұсталған шкаф сатып алады. Бірнеше күннен кейін оның ішінде 500 еуролық купюралар салынған металл қорап жатқанын байқаған. Құрылысшы әйелін шақырып, тауып алған затын көрсетеді. Бірге ақшаны санап шыққаннан кейін екеуінен маза қашқан. 

"Біз есеңгіреп қалдық", — дейді әйел. — Түні бойы ұйықтай алмадық".

Олар мұны тұзақ екен деп қорқып, ақшаны заңды иесіне қайтаруға шешім қабылдайды. Станичи Арад қаласына барып, шкаф сатқан адамды іздеп табады. Содан кейін олар Бикиджиге бірге келген.

Белгілі болғандай,  ақша шкафтың бұрынғы иесінің әкесіне тиесілі болып шыққан. Ал ұлы қазына туралы ештеңе білмеген, Станичидің әйелі сатушы ақшаны көргенде абдырап қалғанын айтады. Ол ақшаны алып, құрылысшының отбасына адалдық танытқаны үшін сыйлық жасады. 

Айта кетейік, қыркүйек айында Германияның Бремен қаласының тұрғыны ескі асүй шкафын сатып алып, бұрынғы иесі жасырып қойған алтынды тауып алған болатын. Ол қазынаны табылған заттар мемлекеттік бюросына өткізіп, ол үшін 2,5 мың еуро алды.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

08 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде