{metadescription}
Энергетика вице-министрі қамауға алынды

Энергетика вице-министрі қамауға алынды

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасарының ұсталғанын растады.

Қазақстанның энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа жұмыстан кетуге өтініш жазды. Бұл туралы бүгін министрліктің басшысы Қанат Бозымбаев айтты. Шкарупа жақында ғана қаржы жымқырды деп айыпталған  болатын. Үкімет кулуарында журналистер министрден орынбасарының қызметінен кеткен-кетпегенін сұрады. 

"Ол жерде келісу ұзақ жүреді ғой – премьер-министрдің кеңсесі, президент әкімшілігі. Бірақ ол өтініш жазды, ал мен тиісті қолдаухатты өткен аптада премьер-министр мен президент әкімшілігіне жібердім", — деді Бозымбаев. 

"Шкарупаның ұсталғанын білесіз бе?" деген сұраққа "Иә" деп жауап берді. Айта кетсек, Анатолий Шкарупа осы жылдың қазанында энергетика вице-министрі болып тағайындалған еді. Көп уақыт өтпей бас прокуратура вице-министрді ақша жымқырды деп айыптады.  Белгілі болғандай, Шкарупа 2015 жылы Саран қаласының әкімі болған кезде, 215 миллион теңге жымқырған.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

15 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде