{metadescription}
Бастығынан зорлық көрген әйел сотталып кетті

Бастығынан зорлық көрген әйел сотталып кетті

Индонезияда көпбалалы ананы алты айға түрмеге қамап тастады.

Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін Баик Нурил Макнунге меңгерушісі жыныстық қысым көрсетуге тырысқан. Келіншек басшысының әңгімесін телефонына жазып алған.

Ол жазбаны сотта дәлел ретінде көрсеткен. Бірақ сот келіншектің өзін «әдепсіз материалдарды» таратқаны үшін алты айға бас бостандығынан айырған. Келіншек электронды ақпаратты сақтау және тарату туралы заңға сәйкес «әдепсіз материалды» таратқаны үшін жарты жылға сотталды.

Қамау мерзімінен бөлек, әйел 500 миллион рупий айыппұл төлеуге міндетті (шамамен 34,5 мың доллар). 37 жастағы үш баланың анасы Макнун мен адвокаты бұл шешіммен келіспеді. Олар шыққан үкiмге шағымдануға арыз берген.

Кеше

15 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде