{metadescription}
Танымал спортшы дәрілік есірткі сатқан

Танымал спортшы дәрілік есірткі сатқан

Әлеуметтік желілерде "Лирика" дәрілік есірткі сатты деп айыпталған екі Ташкент тұрғынына жүргізілген сотсыз жазалаудың видеосы тарап кетті.

Дереккөздің хабарлауынша, оның бірі елге танымал спортшы. Видеода "Лирика" деп аталатын психотроптық зат сатты деп айыпталған екі жас жігіт ішкиіммен тұр. Мойындарында кешірім сұраған тақтайша ілулі. Кадрдың сыртында белгісіз ер адам екі жігіттен халық алдында кешірім сұрауды талап етіп жатыр. Енді бірі Ташкенттегі Әмір Темір ескерткіші алдында жазалайтынын айтып жатыр.

Әлеуметтік желі қолданушылардың дені бұл сотсыз жазалауды айыптап, бұл істі құқық қорғау органдары өкілдеріне тапсыру керек еді деп жатыр. Азаттықтың өзбек қызметіне видеоны жіберген дереккөз видеодағы екі жігіттің бірі халықаралық жарыстарға қатысып жүрген танымал спортшы екенін айтты. 2017 жылдың қыркүйек айында Азаттықтың өзбек қызметінің журналистері "Лирика" дәрілік есірткінің Ташкенттке кең етек алғаны жөнінде жеке зерттеу жүргізген болатын.

Былтыр Өзбекстандағы наркологиялық орталық елде "Лирика" психотроптық затты қолданушылар саны өсіп кеткенін хабарлаған. Денсаулық сақтау министрлігі өкілі Исматжон Азизов Қылмыстық кодексте психотроптық заттар үшін жазалау түрі қарастырылмағандықтан, оларға тосқауыл қою мүмкін болмай тұр дейді.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.