{metadescription}
Тұрғын үй жарылып, екі отбасы үйінді астында

Тұрғын үй жарылып, екі отбасы үйінді астында

Төтенше оқиға Әзербайжанның батысындағы Гянджа қаласында болған.

Газдың шығып кетуінен жарылыс болып, төрт қабатты тұрғын үй қирап қалды. Салдарынан төрт пәтер бұзылған, олардың екеуінде отбасы тұрып жатқан болатын

Жойқын жарылыс таңғы сағат алтыда орын алды, ол кезде үйде адамдар болыпты. Құтқарушылар үйінді арасынан қаза тапқан бір адамның денесін алып шықты. Тағы 21 жастағы жігіт құтқарылған, ол ауыр халде жатыр.

Басылым хабарлағандай, үйінді астында екі отбасы қалған.Оқиға орнына арнайы техника жіберіліп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаны тергеумен арнайы комиссия айналысады.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

15 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде