{metadescription}
Алматыда қызылша ауруы өршіп тұр

Алматыда қызылша ауруы өршіп тұр

Алматы жұқпалы аурулар ауруханасына қызылша жұқпасымен келушілердің саны артқан.

Қалалық дәрігерлер жұқпалы қызылша ауруынан сақтану жолдары туралы айтып берді. Қызылша - өте өткір жұқпалы ауру. Ол науқас адамнан жұғады. Жұқпаны жұқтырған адам 7-ші күннен бастап айналасына қауіп төндіре бастайды. Адамның денесіне қызыл бөртпелер шыққаннан бастап арада 4 күн өткенде жұқпаның ауаға таралуы тоқтайды.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл аурумен көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар ауырады. Ал екпе қабылдамаған адамдарға бұл ауру балаларға қарағанда екі есе ауыр тиеді. Көктем-қыста қызылша ауруы көп белең алады. Ал тамыз-қыркүйекте бәсеңдейді.

«Қызылшаны басқа аурулардан ажырату оңай. Басында алғашқы белгілері жай тұмаумен бірдей болады. Дене қызуы, жөтел, мұрынның бітелуі, тағы басқа белгілері бар. Содан кейін азу тістердің түбінен қызыл бөртпелер шыға бастайды. Вирус шырышты қабықты бұзады. Бұл қызылшаның басқа аурулардан айырмашылығын білдіреді»,- деді денсаулық сақтау басқармасынан.

Дәрігерлер қызылша ауруын жұқтырмас үшін екпе алмаған азаматтарға адам көп шоғырланған жерлерге бармау жөнінде кеңес береді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

15 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде