{metadescription}
БҚО-да автокөлік жылқыларды соғып кетті (18+)

БҚО-да автокөлік жылқыларды соғып кетті (18+)

Орал-Ақсай жолы бойында «Фольксваген Шаран» автокөлігі жылқылармен соқтығысты.

Оқиға кеше кешкісін Теректі ауданы Долинный ауылы маңында, аудан орталығы Федоровтан 24 шақырым жерде орын алды.

"Оқыс оқиға салдарынан алты жылқы жараланып, тағы бірнеше жылқы өлген. Абырой болғанда, көлікте болған жүргізуші мен екі жолаушы аман" - делінген БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының хабарламасында.

Оқиға куәгерлерінің айтуына қарағанда, жылқылар жол бойына кенет шыға келгендіктен, 43 жастағы жүргізуші көлікті дер кезінде тоқтатып үлгермеген. Қазіргі кезде малдың кімге тиесілі екені анықталуда. Алдын ала мәліметке қарағанда, автокөлік қалпына келтіруге келмейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, санавиацияға шақырту сағат 20.05-те түскен.

Ескерту! Видеоны жүкті әйелдерге, жүрегі ауыратындарға көруге тыйым салынады!

Кеше

15 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде