{metadescription}
Алматыда әйелдің басына мұз құлап қаза тапты

Алматыда әйелдің басына мұз құлап қаза тапты

Алматы қаласы Бостандық ауданында көпқабатты үйдің маңынан өтіп бара жатқан әйелдің басына мұз түсіп ажал құшты.

Қайғылы оқиға бүгін түскі сағат 13:00 шамасында Бостандық ауданында болған.

«Әйел 1958 жылы туған. Оның өлімі бойынша дерек Бостандық ауданы ІІБ  тіркелді. Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қайғылы жағдай 20 қараша күні түскі уақытта Әл-Фараби даңғылынан төмен Марков көшесінің бойында болды. Полицияның алдын ала нұсқасы бойынша, Adal Residence тұрғын үй кешенінің жанынан өтіп бара жатқан әйел басына 11-қабаттан мұз түсіп көз жұмған. Қайғылы жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.