{metadescription}
Спортшы күйеуінен таяқ жеп, ауруханаға түсті

Спортшы күйеуінен таяқ жеп, ауруханаға түсті

ММА файтері Рэйчел Остович күйеуі Арнольд Бердонның қолынан зардап шекті.

Бұл туралы TMZ хабарлап отыр. Бердон да аралас жекпе-жекпен айналысады. Оқиға Остовичтің Гавайдағы үйінде болған. Осыдан кейін 27 жастағы спортшы көз ұясының сынығымен ауруханаға жатқызылды. 

Suckerpunch порталының иесі Брайан Батлер Instagram желісі арқылы оқиға туралы баяндаған. Оның мәліметінше, Остовичті ауруханадан шығарды. Қазір ол туыстарының жанында, алайда, ол 19 қаңтардағы UFC турнирінде Пейдж Ванзантпен жекпе-жекке дейін сауығып үлгермейді. 

Остович The Ultimate Fighter релити-шоуына қатысып танылған болатын. Осы уақытқа дейін ол сегіз жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіп, төртеуінде жеңілген. UFC-де Остович екі рет жұдырықтасқан. Бірінде жеңіп, екіншісінде жеңіліп қалған. Ал Брендон карьерасында тоғыз жекпе-жек өткізген. 27 жастағы спортшы оның жетеуінде жеңіске жеткен. 

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

08 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде