{metadescription}
Танымал әнші сахнада тұрып дәрет сындырған

Танымал әнші сахнада тұрып дәрет сындырған

Канадалық танымал әнші Шанайя Твейн жеке концертін өткізіп жатқан кезде ыңғайсыз жағдайда қалып, сахнада дәрет сындырғаны туралы айтып берді.

53 жастағы әншінің сөзінше, ол аңдаусызда дәрет сындырғанан көрермендерге байқатпауға тырысқан.

«Не істеу керектігі туралы  ойлана бастадым. Артынша әнімді жалғастырып, орындықтан тұрып кеттім де, жердегі шалшыққа стақандағы суды төгіп жібердім. Қайта сол кезде белдемше киіп шыққан едім. Жолым болды», – дейді Шанайя Твейн.

Сонымен қатар әнші тағы бірде Рим мейманханасының дәлізінде тыр жалаңаш күйде қалғанын мойындады.

«Мен тыр жалаңаш күйде ұйықтағым келді. Түнде дәретханаға барғым келіп, бөлмеден шықтым. Қайтып келгенде өз бөлмемді шатастырып алып, жабық есіктің алдында жалаңаш тұрдым», – дейді ол.

Твейннің сөзінше, артынша күйеуі оны өз бөлмесіне кіргізген екен. Шанайя Твейн 2016 жылы Forbes журналының нұсқасы бойынша әлем бойынша ең көп ақша төленетін әншілердің ондығына кірген еді. Оның 6 ән жинағы бар. «Now» деп аталатын соңғы ән жинағы 2017 жылы шыққан.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

15 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде