{metadescription}
Танымал әншіні үйінің ауласында атып кеткен

Танымал әншіні үйінің ауласында атып кеткен

Махачкалада белгісіз бір адам дағыстандық әнші Машидат Омарасхабованы өз үйінің ауласында атып кетті. 

Дағыстанның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қанды оқиға кеше түнгі 23:00-де болған.

"Омарасхабова үйінің ауласында белгісіз бір адамның қолынан жарақат алды. Әнші ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Әнші жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - деді республиканың ІІМ Бас басқармасының өкілі.

Ішкі істер министрлігінің өкілі қаруды қолданумен денсаулығына елеулі зиян келтірген факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Айта кетейік, Машидат Омарасхабова - Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Гамзат Цадас атындағы Авар музыкалық-драма театрында жұмыс істейді.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде