{metadescription}
ШҚО-да боран соғып, науқас бала жолда қалды

ШҚО-да боран соғып, науқас бала жолда қалды

Өткен демалыста құтқарушылар боранда далада қалған алты жастағы баланы ауруханаға жеткізді.

Оқиға Күршім ауданына қарасты Ақжайлау ауылында болған. Ауа райының борандатып тұрғанына қарамастан, ата-ана балаларында соқыр ішек болуы мүмкін деген күдікпен жолға шығуға тура келіпті. Ақ түтек боранның салдарынан жеңіл автокөлік те, жедел жәрдем көлігі де жолдан жүріп өте алмаған. Күршімдіктердің автокөлігі қарға батып қалып, олар құтқарушыларды шақыртуға мәжбүр болды.

«Қарапайым көлік жүре алмайтындықтан, біздің қызметкерлер шағын тартқыш көлікпен жолға шықты. Олар науқас бала мен ата-анасын 30 шақырым жерде орналасқан Теректі ауылына дейін жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды», - дейді Күршім аудандық ТЖБ басшысы Азамат Абдрахманов.

ШҚО ТЖД хабарлағандай, құтқарушылар науқас балаға көмекке шыққан кезде, Күршімнен 100 шақырым жерде жолда тағы бір көлік сынып, жанармайлары да таусылуға шақ қалыпты. Көлікте екі жолаушы болған. Олар 112 желісіне қоңырау шалады. Көмекке Күршім ауданының өрт сөндірушілері жетіп, жолаушыларды жақын маңдағы ауылға жеткізген екен.

Кеше аймақта ауа райы күрт бұзылған еді. Қатты жел соғып, жаңбыр аралас қар жауды. Мұның соңы қарлы боранға ұласқан болатын. Осыған байланысты облыстағы бірқатар тас жолдар жабылды. Айта кетейік, боран салдарынан Жаңа Семей станциясында төрт жүк вагоны рельстен шығып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Дереккөз: altaynews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде