{metadescription}
Ерекше даяшылар жұмыс істейтін дәмхана ашылды

Ерекше даяшылар жұмыс істейтін дәмхана ашылды

Пилоттық режимде іске қосылған DAWN ver.ß дәмханасына келушілерге биіктігі бір метрден сәл ғана асатын 5 робот қызмет етіп жүр.

Роботтар тапсырыс қабылдап, тағамдарды әкеліп тұрады. Бір қызығы, даяшы роботтарды үйлерінде отырған дәмхана қызметкерлері - мүмкіндігі шектеулі жандар басқарып отыр. Олар дәмханада не болып жатқанын интернет арқылы аудио және видео көмегімен көріп, даяшыларды үйлерінен планшет немесе компьютер арқылы басқарады.

Дәмхана осындай режимде тек биылғы жылдың 7 желтоқсанына дейін ғана жұмыс істейді. Оның тұрақты нұсқасы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының қарсаңында іске қосылмақ. Дәмхана жобасының авторлары осылайша мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек жұмыс орнын ұйымдастыруға көмек бере аламыз деп үміттеніп отыр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде