{metadescription}
Екі досты пойыз қағып, мерт қылды

Екі досты пойыз қағып, мерт қылды

Оңтүстік Калифорнияда пойыз 47 жастағы ер адамды басып, қаза тапты.

Ол осыдан үш күн бұрын жергілікті тұрғынды пойыз қағып кеткен орынға гүл қоюға барған. Алғашқы оқиға 24 қарашада сағат 17.00 шамасында болған. 38 жастағы Роберт Мельгоза, Лос Анджелестен келе жатқан пойызды байқамаған. Ол алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

26 қарашада дәл осы жерде сағатына 112 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз 47 жастағы жергілікті тұрғынды қағып кеткен. Ол қаза тапқан досына гүл шоқтарын қоюға келген, бірақ ол да рельс үстінде мерт болады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде