{metadescription}
Әйел өзіне шабуылдаған 4 қарулы жігіттің бетін қайтарып, көлікпен қуды

Әйел өзіне шабуылдаған 4 қарулы жігіттің бетін қайтарып, көлікпен қуды

42 жастағы әйел өзі мен қызын шабуылшылардан қорғады.

Шабуылшылар қаруы болғанына қарамастан әйелдің батылдығынан сескеніп қалды. Оқиға Оңтүстік Африка Республикасында болды. Джип мінген әйелдің үйге кірер уақытын аңдып тұрған 4 жігіт қарумен әйелді қорқытып, көлік терезесін ашуды сұрайды. Екі жағынан екі жігіт қару кезеніп тұрса да, әйел көлігімен кері шегінеді. Шабуылшылардың көлігін қағып өтеді. Жігіттер көлігіне мініп қашпақ болғанда, әйел көлігімен тағы қағады. Ақырында жігіттер жаяу қаша жөнелген.

Желі қолданушылары әйелдің батылдығына риза болып жатыр.

«Жігіттердің өзі де қорқақтап, жан-жағына қарап тұр. Мұны әйел де байқады. Сондықтан батыл қадам жасады», – дейді олар.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.