{metadescription}
Ұшақ қозғалтқышының қаптамасы жолаушылардың көз алдында шашылып қалды

Ұшақ қозғалтқышының қаптамасы жолаушылардың көз алдында шашылып қалды

Airbus-320 ұшағы қозғалтқышының қаптамасы көкке ұшқаннан кейін сынып, шашыла бастаған.

Ұшақтың ішінде 171 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Бұл жағдайды жолаушылардың бірі видеоға түсіріп алады. Ұшақ Frontier Airlines әуе компаниясына тиесілі. Ұшақта 171 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған, ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушылар ұшағы Лас-Вегастың Мак-Карран әуежайынан ұшып шығады, ол Тампаға қонуы тиіс еді. Аспанға көтерілгеннен кейін біршама уақыттан соң бірнеше жолаушы қозғалтқыштың қаптамасы шашылып жатқанын көріп қалып, бортсеріктерге хабарлайды.

Олар өз кезегінде ұшақтың капитанына жеткізген. Осыдан кейін апатқа ұшырамас үшін дереу әуежайға қайту шешімі қабылданады. 

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.