{metadescription}
Алматыда жолға таласқан жүргізушілер апатқа ұшырады

Алматыда жолға таласқан жүргізушілер апатқа ұшырады

Алматы қаласындағы екі көшенің қиылысында екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан екі адам зардап шекті.

Екі жол-көлік оқиғасы да Алматы қаласындағы Желтоқсан және Мақатаев көшелерінің қиылысында болған. Бірінші жағдайда Audi автокөлігі біржақты Мақатаев көшесімен батыс бағытқа келе жатса, Желтоқсан көшесі бойымен Daewoo солтүстік бағытта қозғалған. Дәл көшенің қиылысына келгенде жүргізушілер бір-біріне жол бермей, ақыры соқтығысып тынған.

Арада көп өтпей, Желтоқсан бойымен келе жатқан Camry Мақатаев көшесімен қозғалған Galant көлігімен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғалары барысында бағдаршамдар сөніп тұрған. Осының салдарынан екі жағдайда да жүргізушілер басты жол қайсысы, қосалы жол қайсысы ажырата алмаған болуы керек. Екі жағдайда екі адамның зардап шеккені белгілі болып отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.