{metadescription}
Әскери базада жарылыс болды

Әскери базада жарылыс болды

Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан әскери базада жарылыс болды.

ХАА ИРНА агенттіктің деректеріне қарағанда, жарылыс бейсенбі күні Систан және Белуджистан провинциясындағы Чабахар қаласында орналасқан әскери базаның маңында болған.

 «Бүгін таңертең Чабахар әскери базасының жанында жарылыс болды. Оқыс оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті», - деп мәлімдеді провинция губернаторының қауіпсіздік мәселелері жөніндегі орынбасары Мохаммад Хади Мараши.

Оның айтуынша, «бомба автомобильдің ішіне орнатылған». IRNA агенттігі кем дегенде төрт адам жарылыс құрбаны болғанын хабарлап отыр. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қалада атылған оқ дауыстары естіліп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде