{metadescription}
Бауырын ауыстырған әйел екінші рет босанды

Бауырын ауыстырған әйел екінші рет босанды

Алматы дәрігерлері бауырын ауыстырған Әсем Саханды екінші рет аман-есен босандырып алды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын 24 жастағы әйелге дәрігерлер бауыр циррозы деген қорқынышты диагноз қойған. Ұзаққа созылған аурудан соң дәрігерлер оның бауырын ауыстыруға шешім қабылдады. 2015 жылы  сәуірде А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында орталық мамандары әйелдің бауырын ауыстырды. Әсемнің өмірі отадан соң күрт өзгерді. Дәрігерлер оған екінші өмір сыйлады десек те болады.

Көп ұзамай келіншек жүкті болып, 2016 жылдың желтоқсанында тұңғышын босанды. Арада 1 жылдан асқанда көктемде келіншек дәрігерлерге тағы да жүкті екендігін хабарлаған. Содан бері келіншек дәрігерлердің жіті бақылауында болған. №17 емхананың дәрігерлері екі жүктілік кезінде де үлкен тәуекелдерге бас тігіп, Әсемді аман-есен босандыруға барын салды.

«Мен ересек адаммын, әрбір жүктілігім менің денсаулығым үшін аса қауіпті болғанын түсіндім. Ең алдымен осы емхананың дәрігерлерінің кәсіби біліктілігіне сендім. Апта сайын анализ тапсырдым. Олар менен ары қобалжуда болды. Осы кісілердің арқасында екінші рет ана атандым. Айгүл Есентайқызы, Виктор Эдуардович, Гуляра Құсайынқызына алғысым шексіз» - деді Әсем.

№17 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Виктор Ким бауыры жақында ауыстырылған адамның бала көтеріп, босанғанын ерекше жағдай деп бағалады.

«Әсем бірінші рет 2016 жылы босанған. Оның алдында 1 жыл бұрын ғана бауыры ауысқан болатын. Бұл біздің тәжірибеміздегі бірінші жағдай болатын. Бұл жерде өте үлкен қауіп болды. Бауыр қанталауы, ишемия болуы мүмкін еді. Тіпті ота жасалғанына 1 жыл ғана болған бауыр кез келген уақытта ағзаға сіңіспей қалуы, балада жұқпалы ауру туындауы мүмкін еді. Әсемді бақылауға трансплантолог, гастроэнтеролог, гепатолог, иммунолог, инфекционист мамандарды  жұмылдырдық. Көктемде тағы да жүкті екенін білгенде, әрине қарсы болдық. Кесар тілігінен соң небәрі 1,5 жыл өткен. Бұл бала үшін де, анасы үшін де үлкен қауіп болды», - деді Виктор Ким.

Қазір анасы мен баласының денсаулығы қалыпты. Отбасы нәрестені асыға күтіп отыр. Жұма күні келіншек перзентханадан шығады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде