{metadescription}
Жұмысқа тұрғызуға уәде берген алматылық әйел ұсталды

Жұмысқа тұрғызуға уәде берген алматылық әйел ұсталды

Отандастарымызды Оңтүстік Кореяға жұмысқа аттандырамын деп алдап соққан.

Алматыда осындай жарнамамен халықты алдап келген әйел ұсталды. Ол білімі мен мамандығына қарамастан, Оңтүстік Кореяда табыс мол жұмысқа тұрғызамын деп танымал сайттарға хабарландыру жариялаған. 29 жастағы келіншек аңғал жұртпен жеке-жеке кездескенде; «айына 4-5 мың доллар төлейді деп, -ғаламтордан ол жақтағы бақуатты өмір бейнеленген фото-видеоларды көрсетіп, сенімге кірген.

Полицияның хабарлауынша, оның арбауына түскендердің арасында бұрынғы жұмысынан шығып қалғандар көп. Оған 1 миллион 400 мың теңге санап бергендер де бар екен. Жеме-жемге келгенде, халықты жұмыспен жарылқаймын деген ол ұялы телефонын өшіріп, қарасын батырыпты. Тіпті, өзі Оңтүстік Кореяға өмірі барып көрмеген болып шықты. Тәртіп сақшылары  Динарадан алдандым дегендер болса, полицияға хабарласуын сұрайды.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде