{metadescription}
Алматыда үйден шыққан өрттен 4 адам құтқарылды

Алматыда үйден шыққан өрттен 4 адам құтқарылды

Алматының өрт сөндірушілері өрттен төрт адамды алып шығып, 40-тан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

Өрт бүгін, 7 желтоқсан күні таңертең Бостандық ауданына қарасты №12 Көктем ықшамауданында болған. Өрт сөндірушілер келгенде 5-тұрғын үйдің 5-қабатындағы баспалдақ алаңы қою түтінге оранып жатты. Бұл тұрғындарды сыртқа алып шығуға кедергі келтірген. Сондықтан өрт сөндірушілер үш аяқты баспалдақтар мен АЛ-37 автобаспалдақтар арқылы адамдарды терезеден шығарып алған.

Төрт адам құтқарылып, 45 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Оның бесеуі балалар. Өрт 5 қабатты үйдің 5-қабатында шығып, 30 шаршы метр аумаққа таралған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.