{metadescription}
КТК арнасының тілшісі мемлекеттік әлеуметтік жобаның үздігі атанды

КТК арнасының тілшісі мемлекеттік әлеуметтік жобаның үздігі атанды

«Дау-дамайсыз» бағдарламасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жаңару» бірлестігі өткізген байқауды  жеңіп алды.

9 желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Осы орайда жыл бойы өткізілген «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік жобаның үздіктері анықталды.  Үздіктерді анықтау 5 номинация бойынша сарапқа түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараны жариялау және жан-жақты ашқан департамент, мемлекеттік қызметкер, карикатура, қоғамдық бақылаушы және БАҚ.

Осылайша, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының тілшісі Гүлмира Әбіқай ондаған журналистің арасынан суырылып шығып үздік атанды. Бағдарлама «КТК» арнасында 2 жылдан бері эфирге шығып келеді. Осы аралықта хабар журналистері теперіш көрген адамдарға қол ұшын созып әлеуметтік мәселелерін дау-дамайсыз  шешіп берді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.