{metadescription}
ФОТО: Қазақстандық самбошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

ФОТО: Қазақстандық самбошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қызылордалы балуан Ернар Қуандық Сербияның Нови-Сад қаласында жаөспірімдер арасында өткен самбодан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Сыр спортшысы әлем чемпионатында төрт белдесуге шықты. Оның үшеуінде қарсыластарын айқын басымдықпен қапы қалдырды. Алдымен украин балуан жеңсе, одан кейін молдован және армян спортшыларынан басым түсті. Финалда Ресей балуанына есе жіберіп қойды. Әлем чемпионатына дүние жүзінің 28 елінен балуандар келді. Біздің еліміздің құрамасы 1 алтын, 3 қола медаль алып қайтты.

«Алға қойған мақсатым көп. Солардың бірі - жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынау. Аталмыш жарыста жеңімпаз қатарынан көрінуге күш салсам деймін», - деді Ернар Қуандық.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Кеше

23 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде