{metadescription}
Үндістанда автобус жыраға құлап, 11 адам қайтыс болды

Үндістанда автобус жыраға құлап, 11 адам қайтыс болды

Үндістанның Джамму және Кашмир штатында жолаушы автобусы жыраға құлап, 11 адам мерт болды, тағы 19-ы жарақат алған.

Лоран елді мекенінен Пунчқа бара жатқан автобус Пунч округінде жан түршігерлік жол апатына ұшыраған.

«19 адам апат салдарынан жарақат алған. Жағдайы ауыр бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау департаментінің өкілі Саид Муштак Хуссейн.

Қазір келеңсіз жағдайдың себеп- салдары тексеріліп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде