{metadescription}
Полиция наразыларға газ шашты

Полиция наразыларға газ шашты

Парижде полиция билікке наразылық білдіріп шеруге шыққан «сары жилеттілерге» көзден жас ағызатын газ шашты.

Бірнеше жүз демонстрант Салтанат қақпасы алдына жиналған - әдетте наразылық шеруі сол жерде басталатын. Осыған дейін бірнеше рет сенбі күндері наразылық акциялары жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқандықтан Парижде билік орындары «сары жилеттілердің» ықтимал наразылық акциясына алдын ала дайындалып, қауіпсіздік шараларын күшейткен болатын.

Бұл жолы Париж көшесінде тәртіпті қамтамасыз етуге осыған дейінгіден әлдеқайда көп - 8 мың полиция қызметкері жұмылдырылған. Бүкіл ел көлемінде 89 мың полиция өкілі кезекшілік атқармақ.

Полицияның мәліметі бойынша, 278 адам ұсталған. «Сары жилеттілер» қозғалысы биліктің жанармай салығын қымбаттатуына қарсылықтан басталған.

Дереккөз: azattyq.org

Кеше

24 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде