{metadescription}
Жедел жәрдем көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

Жедел жәрдем көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

Екібастұзда жедел жәрдем көлігі қысқа тұйықталу салдарынан жанып кетті.

Құтқару мекемесінің ақпаратына сәйкес, кезекшілік бөліміне Екібастұз қалалық орталық аурухана жанында «ГАЗель Next» жедел жәрдем көлігі өртеніп кеткені туралы хабарланған. Оқиға орнына дереу 5 адамнан тұратын өрт сөндіру көлігі жолға шыққан. Хабарлама келіп түскеннен кейін 14 минуттан соң өрт ауыздықталып, 9 минуттан соң толығымен сөндірілген.

Алдын-ала болжам бойынша, қозғалтқыштың сымындағы қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ, алайда, жедел жәрдем көлігі түгі қалмай өртеніп кеткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.