{metadescription}
Милиционерлер Құран ұстап, пара алмауға ант берді

Милиционерлер Құран ұстап, пара алмауға ант берді

Өзбекстанның Ташкент облысындағы Юкори Чирчик ауданының милиция қызметкерлері «пара алмауға» және «бопсалаумен айналыспауға» Құран ұстап ант берген.

Милиция қызметкерлерінің «ант беру» рәсімінен түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде тараған. Жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін деген қауіппен өз аты-жөнін атамауды сұраған құқық қызметкерлерінің бірінің сөзінше, милиция өкілдерінің ант беру рәсіміне ауданның бас имамы қатысқан.

Құқық органдары қызметкерлерінің ант беру рәсімі Өзбекстан президентінің «Коррупцияға қарсы күрес» туралы заңды жүзеге асыру шаралары туралы қаулысын орындау мақсатында қабылданған коррупцияға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында өткізіліп келеді.

Дереккөз: azattyq.org

Кеше

23 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде