{metadescription}
21 жастағы қазақстандық боксшы америкалықты жеңіп, WBC чемпионы атанды

21 жастағы қазақстандық боксшы америкалықты жеңіп, WBC чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан (4-0, 4 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін өткізді.

Ол сегіз раундтық кездесуде төрешілердің шешімімен бұған дейін еш жеңіліп көрмеген америкалық Хорхе Рамостан (6-0-1, 3 КО) басым түсті. Осылайша, Ескендір бесінші жеңісіне қол жеткізіп, екінші аса жеңіл салмақта жастар арасындағы WBC Intercontinental титулын жеңіп алды. 

Айта кетейік, кәсіпқой бокста небәрі бесінші жекпе-жегін өткізген Ескендір осымен екінші белдігіне қол жеткізіп отыр. Өткен жылдың қыркүйегінде Бүкіләлемдік бокс бақылау кеңесінің WBB бос тұрған белдігіне ие болған еді. 21 жастағы Ескендір Харсан кәсіпқой бокста 2017 жылдың шілдесінде дебютін тойлаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.