{metadescription}
Алматыда қалта ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Алматыда қалта ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынына келген қонақтардың қалтасына түсіп жүрген ұры бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Аталған видеоны «Шымбұлақ» мекемесінің директоры Ержан Еркінбаев өзінің Instagram-парақшасына жүктеді. Видеода ұрының түрі анық көрінген. Ержан Еркінбаев демалыс орнына келушілерді сақ болуға шақырып, аталған ұрының әлі ұсталмағанын жазды.

Күдікті ер адам қара тон киген. Ол әдейі адам көп шоғырланған жерге келіп, алдымен маңайын бақылайды. Ешкім сезіктенбегенін білген соң қолын алдында тұрған қыз баланың қалтасына салады. Ұрының қолы қалтадан құр шыққан жоқ, ол жәбірленуші қыздың құнды затын ала шықты. Артынша түк болмағандай телефонмен сөйлесе кетті.

Дереккөз: sn.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.