{metadescription}
Спортшылар мінген автобус апатқа ұшырап, 13 адам көз жұмды

Спортшылар мінген автобус апатқа ұшырап, 13 адам көз жұмды

Жантүршігерлік жол апаты Колумбияның батысында болған.

Колумбияның Валье-дель-Каука департаментінде баскетбол командасын алып бара жатқан автобус жол апатына ұшырады. Салдарынан 13 адам қайтыс болып, 20 адам зардап шеккен. Оқыс оқиға жексенбі күні таңертең Йотоко муниципалитетінде болған. Әуесқой баскетбол командасының ойыншылары мінген автобус аударылып кеткен.

9 адам оқиға орнында қаза тапқан. Тағы 4 адам ауруханада жан тапсырды. Бұдан өзге 20 жолаушы жарақат алған. Қазіргі таңда полиция оқиғаның себеп-салдарын анықтауда. Сондай-ақ апат тежегіштің істен шығуынан болуы мүмкін деген нұсқалар айтылуда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде