{metadescription}
Бұрынғы милиционер 81 адамды өлтіргені үшін сотталды

Бұрынғы милиционер 81 адамды өлтіргені үшін сотталды

«Ангарск маньягі» деген лақап атты иелеген Михаил Попков жазасын ерекше режимдегі колонияда өтейді.

Иркутск қаласының бұрынғы милиция қызметкері Михаил Попков 59 адамды өлтіріп, біреуіне қастандық жасағаны үшін екінші рет өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл жантүршігерлік қылмыстарды Попков 1992 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде жасаған.

«Ангарск маньягі» деген лақап атқа ие болған кісі өлтіруші жазасын ерекше режимдегі колонияда өтейді. Үш жыл бұрын, 2015 жылдың қаңтарында Попков 22 адамды өлтіріп, тағы екі әйелге ауыр дене жарақатын келтіргені үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын.

Үкім шығарылғаннан кейін экс-милиционер тағы 60-қа тарта қылмысты мойнына алды. Попков кешке немесе түнде көлігімен көшеге шығып, жәбірленушілерді үйіне жеткізіп салуды ұсынып отырған, кейде бірге уақыт өткізуге шақырған. Содан кейін оларды елсіз далаға алып барып, өлтірген.

Маньяк 2012 жылы Владивостокта ұсталды. Оны құқық қорғаушылар қылмыс орындарында табылған автокөлік ізі арқылы тапқан. Сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша «гомицидомания» – адам өлтіруге ырық бермейтін құштарлық деген диагноз қойылды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде