{metadescription}
Франциядағы көтеріліс: 1400-ге жуық адам ұсталды

Франциядағы көтеріліс: 1400-ге жуық адам ұсталды

Францияда сенбі күні өткен наразылық акциялары барысында 1400-ге жуық адам, соның ішінде кемінде 970 адам Парижде ұсталған.

Сенбі күні Франция көлемінде өткен наразылық акцияларына 125 мыңға жуық адам, соның ішінде Париж қаласында 10 мың адам қатысқан деді министр. Оның хабарлауынша, қажет болған жағдайда полиция күштері жексенбі күні де қоғамдық тәртіпті бақылылайтын болады.

Бұған дейін желтоқсанның 8-інде Париждегі Елисей алаңы маңында полиция мен «сарғылт жилетті» демонстранттар арасында қақтығыс болғаны туралы хабарланған. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда полицияның наразыларға жас ағызатын газ шашып жатқаны бейнеленген. Өрескел әрекетке барған кейбір адамдарды полиция ұстап, олардан бейсбол таяқшалары мен басқа да заттарды тартып алған.

«Сарғылт жилеттілер» қозғалысы биліктің жанармай салығын қымбаттатуына қарсылықтан басталған. Кейін Франция билігі жанармай салығын өсіруге мораторий жариялаған, алайда наразылар президент Эммануэль Макронның экономикалық саясатына қарсылық акциясын жалғастыра беретіндерін мәлімдеген. Билік наразылық акцияларын қоздырып отыр деп әсіреоңшыл және әсіресолшыл күштерді айыптайды.

Дереккөз: sn.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.