{metadescription}
Жол-көлік оқиғасынан жүргізуші көз жұмды

Жол-көлік оқиғасынан жүргізуші көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға Сырым ауданында орын алды.

Жол апаты салдарынан 1988 жылғы жүргізуші қаза тапты. 1981 жылғы әйел адамның беті көгерген. Автокөлікте болған 1985 жылғы ер адам мен 2003 жылғы қыз бала жарақаттанбаған. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде көктайғаққа байланысты жарақат алғандардың саны көбейгенін жазған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде