{metadescription}
Ресейде асылып өлген қазақстандық кім екені анықталды

Ресейде асылып өлген қазақстандық кім екені анықталды

Санкт-Петербургте ауыр жүк көлігінің кабинасында Қазақстан азаматы асулы күйінде табылды.

«Санкт-Петербургтегі Бас консулдықтың қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін дереу жергілікті құқыққорғау органдарына байланысқа шықты. Тергеушінің ақпараты бойынша, 9 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласының Фрунзе ауданында орналасқан София көкөніс базасында жүк көлігінің кабинасында 1972 жылы туған Қазақстан азаматының денесі табылды. Алдын ала деректерге сәйкес, ол өз-өзін буындырудан болған ауа жетіспеушілігінен қаза болған», - деп хабарлады Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта РФ құқыққорғау органдары аталмыш істің мән-жайын анықтау үстінде.

«Бас консулдық қажетті құжаттарды толтыруда консулдық-құқықтық көмектер көрсетіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк Шымкентке 11 желтоқсанда жеткізілетін болады», - деп түсіндірді ҚР СІМ өкілі.

Айта кетсек, аталмыш оқиға туралы бұған дейін жергілікті хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде