{metadescription}
СҚО-да мешіт өртенді

СҚО-да мешіт өртенді

Солтүстік Қазақстан облысында мешіт өртеніп кетті.

Мамлют қаласында орналасқан мешіттің шатыры мен ғимараттың төбесіндегі жабынды толықтай өртеніп кеткен. Алдын ала деректер бойынша, құрбан болғандар жоқ. Өрттің жалпы ауданы шамамен 100 шаршы метрді құрады.

Мешіттің қабырғалары алдымен ағашпен тұрғызылып, кейін сырты кірпішпен өрілген екен. Ал, шатыры толықтай ағаш материалдарымен жабылған. Өрттің дереу лап беруіне осы жағдай себеп болған. Сарапшылар оқиғаның себебін анықтап, шығындарды есептеуде. Бұған дейін 5 жастағы баланы өгей әкесі Құптан намазының азанын дұрыс шақырмадың деп айыптап, соққыға жығып, өлтіргені туралы хабарлаған болатынбыз.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде