{metadescription}
Ақтөбедегі ауылда 13 үйдің шөбін өртегендер ұсталды

Ақтөбедегі ауылда 13 үйдің шөбін өртегендер ұсталды

Ақтөбеде ауылды үрейде ұстаған күдіктілер қолға түсті.

Ауылдағы мал азығын өртегендер арасында кәмелетке толмаған ауыл тұрғыны да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қосестек ауылында белгісіз біреулер шөпті кезекпен өртеп, кейбіріне «кезек сенде» деп үшбу хат тастап кеткен болатын. Кейін жергілікті әкімдік арнайы тергеу тобы құрылғанын мәлімдеп, зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. Ал бүгін полиция үш күдіктінің ұсталғанын, оның біреуі кәмелет жасқа толмағанын мәлімдеп отыр.

«Қазан-қараша айларында Қосестек ауылында 13 үйдің ауласындағы мал азығы өртенді. Жалпы шығын - 5,7 миллион теңге. Өрт кезінде тұрғындардың қорасы да күлге айналды. Тергеу жұмыстары кезінде арнайы топ құрылып, ауылдағы 1500-ден астам тұрғынмен жұмыс жүргізілді. Тергеу нәтижесінде үш адам ұсталды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәліметке сай, өрт оқиғаларының бір-біріне қатысы жоқ екені де анықталды. Мәселен, өрт қойғандардың бірі кәмелет жасқа толмаған. Ол таныстары мен туыстары арасындағы алауыздықтан шөпке от қойған.

Ал 35 жастағы әйел кек алу үшін шөп өртеген. 25 жастағы ер адам ауылды үрейде ұстап, материалдық көмек алуды көздеген екен. Айғақ заттар жинақталып, Ақтөбе облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мен процессуалды прокурорлар тергеуді жалғастырып жатыр.  


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде