{metadescription}
Прокуратура қызметкерлеріне қымбат көлік мінуге тыйым салды

Прокуратура қызметкерлеріне қымбат көлік мінуге тыйым салды

 Түркіменстан ның Дашогуз уәлаятында прокуратура қызметкерлеріне қымбат көлік мінуге тыйым салды.

Аты-жөнін жариялағысы келмеген дереккөз мұндай талаптың 3-4 ай бұрын түскенін айтады.

"Осыдан кейін прокуратура қызметкерлері қымбат көліктерін жаппай сата бастады. Кейбірі көліктерін туыстарының атына қайта рәсімдеді", - дейді дереккөз.

Оның сөзіне қарағанда, прокуратура қызметкерлері көбінде "Toyota Pathfinder" және "Toyota Highlander" маркалы көлікті таңдайды. Дені тек жаңа көлікпен жүреді. Түркіменстанда бірнеше жыл бойы мемлекеттік қызметкер мен шенеуніктерге жеке көлік қолдануға тыйым салған. Оның үстіне 2017 жылдан бастап Түркіменстанның ішкі істер органдары қызметкерлерінің көлігі тек ақ түсті болуы қажет деген бұйрық берілген.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде