{metadescription}
КТК арнасы ұтыс ойындарын өткізбейді!

КТК арнасы ұтыс ойындарын өткізбейді!

Құрметті достар, КТК арнасы қазіргі уақытта ешқандай ұтыстар өткізбейді!

Алаяқтар адамдарға қоңырау шалып, сіз ұтыс иесі атанғаныңызды айтады. Сыйлықты алу үшін белгілі бір мөлшерде ақша салып жіберуді талап етуде. Сақ болыңыздар! Назарларыңызға алаяқтардың құрығына түскен жәбірленушінің аудио жазбасынан үзіндіні ұсынамыз.

«Кеше маған біреу хабарласты, Константин Сергеевичпін деп айтты. Пиала шайы компаниясынан. Бізде 10 жылдық болғандықтан, акция жүргізіп жатырмыз, сіз сол акцияның оныншы қатысушысысыз. Домашний кинотеатр ұтып алдыңыз деді артынша. Бұдан өзге де конкрустар өткізілуде, шешімі бүгін шығады деді. Сыйлықты ақшалай түрде де алуға болады, жеткізіп беруге 6 мың теңге төлеу керек деді. Мен төледім. Кейін тағы 12800 теңге төлену керек деп айтты. Оны да төледім. КТК-да кешкі сағат тоғызда көрсетеді деген, бірақ көрсетпеді... »

Бұл ұтысқа КТК арнасының ешқандай қатысы жоқ. Ұтыс ойындарын өткізетін компаниялардың ресми сайттарынан барлық ақпаратты толықтай тексеріңіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде