{metadescription}
Ақтауда жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Ақтауда жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Ақтауда металл қабылдайтын база аумағында жарылыс болды.

«11 желтоқсанда Ақтау қаласындағы 2-інші өнеркәсіп аймағында орналасқан металл қабылдау базасында белгісіз зат жарылған. Салдарынан 5 адам зардап шегіп, олардың екеуі оқиға орнында қаза тапты. Бұл жерді полицейлер қоршауға алды. Оқиға орнында ІІД «Арлан» арнайы бөлімшесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы және Маңғыстау облысы ТЖД-інің 9 адамы мен 2 техникасы жұмыс істеуде. «Арлан» қызметкерлері  жарылыс орнынан 11 дана  оқыту снарядтарын  тапты»,- деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомоствоның атап өтуінше,  алдын ала болжам бойынша жарылыс снарядты детонациялау кезінде болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

23 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде