{metadescription}
Ұлы анасына ойнап көрсеткен елесі шындыққа айналды

Ұлы анасына ойнап көрсеткен елесі шындыққа айналды

Жігіт анасына видео қоңырау шалған кезде экраннан "жұмбақ елесті" көреді. 

Камераға түскен ерекше оқиғаның видеосымен Алан Смит Youtube арнасында бөліскен. Ұлы анасына видео қоңырау шалып, камерадан біртүрлі құбылысты көргенде таң-тамаша болады. Әйел адамның алдында жарқыраған шар пайда болыпты. Алан Смиттің анасы көз алдында ештеңені көрмеген, телефонындағы камера арқылы ғана шарды байқайды. Видеода ол тылсым "қонақты" қуып жатыр.

Алан елестер туралы қалжыңдап, бұл құбылысты камераның ақауы шығар деп ойлаған. Шар біраз уақыт кетпей, әйелдің қыр соңынан қалмай қойған кезде жігіттің күлкісі сап тыйылып, қорқа бастайды. Қолданушылар роликтің шынымен қорқынышты екенін айтып, пікір қалдыруда. Кейбіреулерге жұмбақ шар сүйкімді болып көрініпті.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

23 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде