{metadescription}
Шіркеудегі атыстан 5 адам ажал құшты

Шіркеудегі атыстан 5 адам ажал құшты

Бразилияның оңтүстік шығысында Сан-Паулу штатындағы Кампинас қаласында кафедральды шіркеуде болған атыс салдарынан кем дегенде бес адам қаза тапты.

Бұл туралы, сейсенбі 11 желтоқсанда Globo  телеарнасы хабарлады. Тапаншамен және 38-інші калибрлі револьвермен қаруланған белгісіз біреу түстен кейін шіркеуге келушілерге оқ жаудырған.

Салдарынан бес адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақаттанғаны мәлім болды. Оларды Марио Гатти госпиталіне жеткізген. Жаралылардың жағдайы туралы хабарланбай отыр. Ал оқ атқан адам шіркеу ғимаратының ішінде өзін-өіз өлтірген. Бұған дейін, Францияның Страсбург қаласының орталығы Клеберде ұйымдастырылған жәрмеңкеге жақын маңда болған атыс салдарынан 4 адам қайтыс болған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

12 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде