{metadescription}
Екі азамат терезеден құлаған қызды қағып алды

Екі азамат терезеден құлаған қызды қағып алды

Дағыстанның астанасы Махачкала қаласында көшеден өтіп бара жатқан екі ер адам бесінші қабаттан құлаған қызды аман алып қалды.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бес жасар Айша әкесі жұмыста, ал анасы дүкенге шығып кеткен кезде үйде жалғыз қалады. Қыз терезеге шығып қарап тұрғанда, аяғы тайып кетіп, тақтайдан ұстап қалған.

Автобус жүргізушісі Тагир Магомедов пен көлік компаниясының диспетчері Айдемир тұрғын үйдің терезесінде салбырап тұрған қыз баланы байқаған. Олар қыз құлаған кездегі салмақты барынша жеңілдетуге тырысып, аман алып қалады.

Салмағы 17 кг болатын қыз баланы қағып алғандардың бірінің білегі шығып кеткен. Дағыстан полициясы қыздың ата-анасы жазаланбайтынын, ал жүргізушілер марапатталатынын мәлімдеді.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.